2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді: Министрлік мәлімдеме жасады

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИ2027 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік беру тетігі өзгереді, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналарының қорға нақты енгізілген қаражат көлемінде сақталуына кепілдік береді.

Министрлік бұл өзгерістер мемлекет зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік беруден бас тартады дегенді білдірмейтінін атап өтті.

"Қазір азаматтың зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сомасы мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының мөлшері арасындағы айырма есептеледі. Бұл айырмашылық республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кепілдік тетігі өзгереді. Қазақстанның әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-ға нақты енгізілген зейнетақы жарналарының мөлшерінде олардың сақталуына кепілдік береді", – делінген министрлік хабарламасында.

Еңбек министрлігі бұған дейін азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару бойынша инвестициялық стратегияға өз бетінше ықпал ету мүмкіндігі болмағанын атап өтті. Мемлекет инвестициялық саясатты айқындап, салымшылардың өз қаражатына билік ету құқығын шектегендіктен, нақты инвестициялық кіріс пен инфляция деңгейі арасындағы айырманы өтеу міндеттемесін өз мойнына алған.


Министрлік мәліметінше, салымшылардың басқарушы компанияны және инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдау құқығының кеңеюіне байланысты мемлекеттік кепілдіктің бастапқы құқықтық және экономикалық негіздемесі өз мәнін жоғалтады.

"Зейнетақы активтерін басқару жүйесі көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда қалады. Президент басқаратын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, активтерді басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және оларды инвестициялау нәтижелері туралы есептерді тыңдайды”, – делінген хабарламада. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.