Қазақстанның алтын-валюта резерві 32,8 млрд АҚШ долларына жетті

417

Фото: pixabay.comҚазақстанның алтын-валюта активтері 32,8 млрд АҚШ долларын құрады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.


«Алдын ала деректер бойынша шілденің соңында алтын-валюта активтерінің көлемі бір айда 835 млн АҚШ долларына артып, 32,8 млрд АҚШ долларын құрады. Шілдеде екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттарының ұлғаюы есебінен алтын-валюта резервінің валюта бөлігі өскенін байқадық. Бұл АВР өсуінің негізгі факторы болды. Алтын бағасы бұл әсерді ішінара реттеді – бағалы металл 1814-тен 1759 доллар/унцияға дейін 3 пайызға төмендеуіне байланысты «алтын» портфелі төмендеді», - деді Әлия Молдабекова.


Ұлттық банк төрағасының орынбасары бір айда алтынға баға белгілеу 1687 доллар/унция мәніне жеткенін атап өтеді.


«Біз алтынды геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдердің шиеленісуінен туындаған жаһандық инвесторлардың тәуекел-сентименті нашарлаған кезде сұранысты айтарлықтай өсіре түсетін қорғаныс активі ретінде қабылдауға үйреніп қалғанбыз. Алайда, қазіргі уақытта алтын әлемдік инфляцияның үдеуі аясында кейбір орталық банктердің ақша-кредит саясатын қатайтуы сияқты бірқатар маңызды факторлардың қысымына ұшырады», - деді ол.