Билік пандемияға қарсы күреске қосымша 265 миллиард теңге бөлген

337

Фото: видеодан скриншотҚаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 1,3 триллион теңгеге ұлғайтылатынын мәлімдеді. Нәтижесінде пандемияға қарсы шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінген.

"Індетке қарсы іс-шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде карантиндік шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге –  70 миллиард теңге, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметтерге ақы төлеуге 80 миллиард теңге", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, сонымен бірге биыл мынадай негізгі бағыттарға қаржы бөлінеді: 

әлеуметтік саланы қолдау, құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – 182 миллиард теңге;

жұмыспен қамтудың жол картасы және Еңбек мемлекеттік бағдарламаларын, "Ауыл – ел бесiгi" жобасын іске
асыруға –  177 миллиард теңге; 

ауыл шаруашылығы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға – 143 миллиард теңге;

республикалық және жергілікті жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстауға –  140 миллиард теңге; 

шағын және орта бизнесті қолдауға - 64 миллиард теңге. 

Министрдің сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмаларын қаржыландыруға 154 миллиард теңге көзделген. 
Ал өңірлерге 539 миллиард теңге трансферт бөлінеді.

Жамаубаев осы шаралардың барлығы экономиканы ынталандыру және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізін қалайтынын атап өтті. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.