Қаңтарда жылу ақысы неге көп шыққаны белгілі болды
Әлеуметтік желіде бүгін коммуналдық қызмет үшін келген төлемдерге қатысты шағымдар жиілеп отыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Әсіресе тұрғындар жылу ақысының көлеміне наразылық білдіруде. «Астана - Теплотранзит» кәсіпорны жылыту төлемдерінің есептелу тәртібі туралы пікір біілдірген.
Ең алдымен айта кету керек, жылу энергиясы үшін ақы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес есептеледі.
Онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 488-бабының 1-тармағына сәйкес, тұтынушы нақты пайдаланған энергия көлемі үшін төлем жасайды. Яғни, есеп айырысу негізінде - іс жүзінде тұтынылған жылу мөлшері жатады.
Есептеу қалай жүргізіледі?
Маман сөзінше жылу ақысы екі тәсілдің бірімен анықталады.
Есепке алу құралы арқылы – егер үйде ортақ жылу есептегіші орнатылған болса, төлем сол құрылғының нақты көрсеткіштері негізінде есептеледі.
Екіншісі, есептеу әдісімен – есептегіш болмаған немесе уақытша істен шыққан жағдайда бекітілген нормативтер мен шарттық көрсеткіштер қолданылады.
Неліктен осы айда баға жоғары?
Кәсіпорын берген ресми мәлімдеме сөзінше, жылыту құны төмендегі факторлар бойынша жүргізіледі.
Мысалы, 2025 жылғы қараша айында орташа ауа температурасы +0,36 °C болса, желтоқсанда −8,1 °C, ал 2026 жылғы қаңтарда −14,3 °C болған. Сондықтан баға да солай келіп жатыр.







