Қазақстан Иракқа сиыр мен қой етін экспорттамақ
Бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джабер Нажма Адбуллах Әл-Темимимен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР АШМ вице-министрдің мәліметінше, 2023 жылы ҚР мен Ирак арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 1 млн долларды, 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 672 мың долларды құраған. Ал, ҚР-дан Иракқа экспорт 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 640 мың доллардан асқан. Негізінен Иракқа пияз, күріш, ұн, ірі қара және ұсақ мал майы экспортталады.
Өз кезегінде Джабер Нажма Адбулла Әл-Темими бірқатар бағыттар бойынша қарым-қатынасты дамытуды ұсынды.
Осыған байланысты Ермек Кенжеханұлы АШМ-нің ірі және ұсақ мал экспортын кеңейту, жаңа нарықтар ашу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.
Атап айтқанда, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Иракқа 30 мың тоннаға дейін қазақстандық сиыр мен қой етін жеткізуге, сондай-ақ ІҚМ-нің асыл тұқымды және өнімді сапасын жақсарту үшін асыл тұқымды материал беруге дайын.