Елімізде тамақ өнімдерінің көлемі артты

589
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев:  Жыл басынан бері  елімізде тауық жұмыртқасын өндіру көлемі 11,6 пайызға өсті деді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Биылғы 3 айда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,8%-ға ұлғайып, 700,3 млрд теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің 2% ұлғаюы арқылы қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 1,2%-ға, сүт өндіру көлемі 1,3%-ға, тауық жұмыртқасын өндіру көлемі 11,6%-ға өсті», - деді Ербол Қарашөкеев Үкіметтің бүгінгі отырысында

Бұл ретте 42,8 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 100% құраған. Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта, яғни жылыжайда өсіру есебінен мүмкін болды. 

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық деңгейден жоғары өсім қарқыны 6 облыста байқалды. Олар – Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстары. 

«Көрсетілген кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,8%-ға өсіп, 607,8 млрд теңгені құрады. Бұл ретте өңделген және консервіленген көкөніс өндіру көлемінің 1,8 есе, ұнның 23%-ға, жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балықтың 21,5%-ға, жарманың 8,3%-ға, шұжық өнімдерінің 7,8%-ға, макаронның 5,3%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 2,6%-ға артқаны байқалды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 35,8%-ға ұлғайып, 34,1 млрд теңгені құрады. Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті шараларды қабылдауда», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.