Елімізде тамақ өнімдерінің көлемі артты

593

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев:  Жыл басынан бері  елімізде тауық жұмыртқасын өндіру көлемі 11,6 пайызға өсті деді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Биылғы 3 айда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,8%-ға ұлғайып, 700,3 млрд теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің 2% ұлғаюы арқылы қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 1,2%-ға, сүт өндіру көлемі 1,3%-ға, тауық жұмыртқасын өндіру көлемі 11,6%-ға өсті», - деді Ербол Қарашөкеев Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Бұл ретте 42,8 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 100% құраған. Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта, яғни жылыжайда өсіру есебінен мүмкін болды. 

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық деңгейден жоғары өсім қарқыны 6 облыста байқалды. Олар – Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстары. 

«Көрсетілген кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,8%-ға өсіп, 607,8 млрд теңгені құрады. Бұл ретте өңделген және консервіленген көкөніс өндіру көлемінің 1,8 есе, ұнның 23%-ға, жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балықтың 21,5%-ға, жарманың 8,3%-ға, шұжық өнімдерінің 7,8%-ға, макаронның 5,3%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 2,6%-ға артқаны байқалды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 35,8%-ға ұлғайып, 34,1 млрд теңгені құрады. Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті шараларды қабылдауда», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.