Жер телімдерін беру тікелей үш кезеңнен тұрады
576
Жер, халыққа жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің 15 түрінен 14-і электронды қалыпта көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Осы орайда ол цифрлық технологиялар енгізіліп, жер учаскелерін берудің электронды тәртібі айқындалатынын атап өтті. Бұл ретте қағазсыз қызмет көрсету және учаскелерді беруді коммуналдық қызметтермен келісу рәсімдерін автоматтандыру жоспарланған.
«Бүгінде жер қатынастарын басқарудың базалық құралы – ол Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Онда жер учаскелері бойынша, соның арасында топырақ, геоботаникалық және ауыл шаруашылығы карталары электронды форматта енгізіліп, 6,5 млн мәлімет сақталған. Жер, халыққа жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің 15 түрінен 14-і қазіргі кезде электронды қалыпта көрсетіледі. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік жер қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша заң жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар жер берудің қазіргі тәртібіне біраз өзгерістер енгізеді», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов.
Осы орайда ол цифрлық технологиялар енгізіліп, жер учаскелерін берудің электронды тәртібі айқындалатынын атап өтті. Бұл ретте қағазсыз қызмет көрсету және учаскелерді беруді коммуналдық қызметтермен келісу рәсімдерін автоматтандыру жоспарланған.
«Бүгінде жер телімдерін тікелей беру үш кезеңнен, 38 қадамнан тұрып, рәсімдеу мерзімі бір жылға дейін созылады. Цифрландыру жер комиссиясын қоспағанда, рәсімдерді 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беріп тұр. Сауда-саттыққа жер учаскелерін берудің қолданыстағы процесі үш кезеңнен, 19 қадамға жетіп, қазір 3 айға дейін созылып отыр. Осы процесті электронды форматта ұсыну 10 күнге дейін мерзімде қысқартылады деп сенеміз. Қазіргі кезде заң жобасы Парламенттің қарауында», - деді вице-министр.