Мұнай бағасы қымбаттады

360
Әлемдік мұнай қымбаттап, рекорд орнатты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Лондондағы ICE биржасында Брент маркасының қараша фьючерстері шамамен 2 пайызға өскен.

Баррельдің бағасы 75 доллардан асып түсті. Қара алтынның бұл маркасы барреліне 72 доллар төңірегінде сатылды. Сарапшылар айтуынша  «қара алтынның» қымбаттауын Мексика шығанағындағы «Ида» дауылының салдарынан дейді.

Тамыздың аяғында қатты дауылдың салдарынан қайраңда өндіру және өңдеу уақытша тоқтатылды. Ал қазір шығанақ жағалауына жаңа «Николас» тропикалық дауылы келді. Аймақтағы өндіріс дауыл маусымы аяқталғаннан кейін ғана қайта басталуы мүмкін дейді сарапшылар.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.