Елімізде ұн бағасы тағы қымбаттады

633

Қазақстанда ұн бағасы тағы да қымбаттады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы айдың өзінде ұнның бағасы 4,3 пайызға өскен. Сонымен қоса, елімізде қаңтар-тамыз айларында бидай және басқа да дақылдардан жасалатын 2 млн тонна ұн өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеді. Ал елдің ішкі нарығындағы өнімнің саудасы 21 пайызға кеміген. Дегенмен ұн өнімінің экспорты 25 пайызға артыпты.

Биыл, әсіресе, Павлодарда (12,8 пайыз) ұн бағасы қатты қымбаттапты. Одан соң Жетісу (12,4 пайыз), Батыс Қазақстан облыстарында (11,9 пайыз) бағаның өскені байқалған.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.