Еліміздің фермерлері үшін дизель отынының бағасы төмендетілді

1 601

ҚазМұнайГаз күзгі дала жұмыстарының қарсаңында қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының бағасын төмендетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«ҚазМұнайГаз күзгі дала жұмыстарының қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында фермерлер үшін дизель отынының бағасын өңірлерге жеткізуді ескере отырып, литріне 238 теңгеге дейін төмендетті.


Отынды жеткізетін өңірдегі операторлардың Энергетика министрлігі ұсынған литріне 12 тг деңгейіндегі маржасын ескергенде, «жеңілдікпен берілетін» дизель отынының шекті құны литріне 250 теңгеден аспау керек. Бұл нарықтағы бағадан 45 теңгеге арзан (литрі 295 тг)», - делінген хабарламада.


Егін жинау науқанында ҚР Энергетика министрлігінің мақұлдауымен 2023 жылға арналған облыстарды ҚР мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесіне сәйкес, жалпы көлемі - 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын тасымалдау көзделген. Бұл ретте шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттілігіне 90 мың тонна дизель отыны жеткізілді: осылайша фермерлердің дизель отынына берген өтініші толығымен орындалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.