Электр энергиясының тарифтері қымбаттамақ

2 172

Фото: pixabay.com1 маусымнан бастап Алматыда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша 1 киловатт-сағаттың құны қосылған құн салығын (ҚҚС) есептемегенде 38,66 теңге болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кейінгі бір жылда Қазақстанда электр энергиясының тарифтері орта есеппен 11,7% өсті. Алайда Алматы тұрғындары үшін баға одан да жоғары болуы мүмкін.

"АлматыЭнергоСбыт" компаниясының мәліметінше, қазір мегаполис тұрғындарына электр энергиясын бөлшек саудада сату бойынша шекті бағаларды көтеру жобасы қарастырылып жатыр.

Жобаға сәйкес, шекті баға 1 киловатт-сағат үшін 38,66 теңге көлемінде белгіленуі мүмкін (ҚҚС-сыз). Салыстырсақ, қазіргі тариф 27,59 теңге болды (ҚҚС-пен 30,9 теңге). Аталған шекті тариф жобасы әлі де бекітілген жоқ.

Көпшілікке арналған (яғни, тұрмыстық тұтынушылар үшін) тариф 1 киловатт-сағатқа 29,52 теңге көлемінде болады деген болжам бар. Ал тұрмыстық емес мақсатта пайдаланатын тұтынушылар үшін 38,66 теңге, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 111,72 теңге болады.

Сонымен қатар тұтыну көлеміне байланысты дифференциалды тарифтер де өзгермек (ҚҚС-сыз):

1-деңгей – электр энергиясының 1 киловатт-сағатына төленетін тариф 26,80 теңге (қазір – 25,6 теңге);

2-деңгей – 35,42 теңге (қазір – 33,11 теңге);

3-деңгей – 44,28 теңге (қазір – 41,39 теңге).

Бұл өзгерістер 2025 жылғы 1 маусымда күшіне енуі мүмкін. Алайда жоба алдымен Табиғи монополияларды реттеу департаментінің сараптамасынан өтуге тиіс.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.