Жеңілдетілген жаңа автонесие бағдарламасы жарияланды

613

Бастапқы жарнасыз жеңілдетілген жаңа автонесие бағдарламасы жарияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

71 мың қазақстандық жеңілдетілген автонесиемен көлік сатып ала алады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.  «Жасыл даму» АҚ есепшотындағы 200 млрд теңгеден астам бос қалдық халықтың игілігі үшін жұмсалуы тиіс. 100 млрд теңге отандық көліктерді сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиеге беріледі. 

«Шартында жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз және бастапқы жарна 0 пайыз. Бастапқы жарнасы 20 пайыз, жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға берілетін қазіргі қолданыстағы бағдарламадан айырмашылығы осында. Сегменті қымбат емес көліктер екені түсінікті. Осылайша, біздің 71 мың азаматымыз қолжетімді бағаға және қолжетімді кредиттік ресурстарға жаңа көлік сатып ала алады», - деді Роман Скляр.