«Сатылмаған алма үшін 209,9 млн теңге». Ақша жымқырған басқарма төрағасы ұсталды
Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру фактісі анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура «Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы қаржы жымқырған.
Бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қаз
Рус






