«Сатылмаған алма үшін 209,9 млн теңге». Ақша жымқырған басқарма төрағасы ұсталды

2 532

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: PixabayЖамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру фактісі анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық прокуратура «Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы қаржы жымқырған.


Нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған. Аталған факті бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасымен («Алаяқтық») қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.