Елімізде күріш импорты 3,5 есе өсті

2 310

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстан күріш өсіруді күрт азайтып, шетелден 3,5 есе көп күріш әкелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ұлттық статбюроға сілтеме жасап. 


2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жартылай ақталған немесе толық ақталған/тазартылған немесе уатылған 107,8 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз.


Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті.


Бұл ретте импорт өнімінің үлес салмағы 15% құрады.


Күріш экспорты да 9,9%-ға, 69,8 мың тоннаға дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-шілде – 63,5 мың тонна). 


Биылғы 7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тонна болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% кем. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.