Жыл соңына қарай Қазақстандағы инфляция деңгейі 18% артуы мүмкін

718

© elements.envato.comАғымдағы алғышарттарды ескере отырып, 2022 жылдың соңына таман инфляция 16-18% аралығында болжанады,деп хабарлайды Ұлттық банк.

2022 жылғы тамызда бағаның жылдық өсуі 16,1%-ға дейін жеделдеді. Инфляцияның өсуі барлық құрамдас бөліктер бойынша байқалады: азық-түлік тауарлары 20,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15,5%-ға, ақылы қызметтер 10,1%-ға өсті. Тауарлар мен қызметтер арасында бірқатар шаруашылық тауарларының, қанттың, ұнның, жарманың, макарон өнімдерінің, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу қызметінің құны өсті. Бағаның төмендеуі, негізінен, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің кең ауқымы бойынша байқалады.

Инфляциялық күтулер жоғары деңгейде қалып отыр. 2022 жылғы тамызда күтілетін инфляцияның медианалық бағасы 16,5%-ды құрады. Бір жылдан кейін инфляция қарқынының сақталуын немесе жоғарылауын күтетін респонденттердің үлесі 55%-ға дейін өсті.

Жаһандық экономиканың бұдан былайғы даму тәуекелдері нашарлау жағына қарай ығыстырылған. ХВҚ болжамы бойынша, әлемдік экономика 2021 жылғы 6,1%-дан 2022 жылы 3,2%-ға дейін және 2023 жылы 2,9%-ға дейін баяулайды (ХВҚ-ның 2022-2023 жылдарға арналған алдыңғы болжамы – 3,6%). Қазақстанның негізгі сауда әріптесі саналатын елдер (ЕО, Қытай, Ресей) бойынша 2022-2023 жылдарға арналған болжамдар да нашарлады.

Сыртқы азық-түлік инфляциясы төмендеу үрдісін жалғастырып келеді. ФАО азық-түлік бағаларының индексі 2022 жылғы тамызда индекске кіретін барлық құрамдас бөліктердің төмендеуіне байланысты 1,9%-ға түсті (шілдеде 9%-ға төмендеді). Астық бағасының төмендеуі Украина мен Ресей Федерациясы арасында қол жеткізілген Украинаның негізгі Қара теңіз порттарының ашылуы туралы уағдаластыққа және солтүстік жартышарда егін жинауға ішінара негізделді, бұл ұсыныстың артуына ықпал етті. ФАО-ның пікірінше, әлемдік түсімге қатысты жақсы болжамдарға байланысты әлемдік нарықтағы астық ұсынысының артуы бағаның одан әрі төмендеуіне ықпал етеді деп күтілуде.
Ағымдағы алғышарттарды ескере отырып, 2022 жылдың соңына таман инфляция 16-18% аралығында болжанады. Бұл Ұлттық Банктің алдыңғы бағаларынан жоғары. Сыртқы және ішкі азық-түлік нарықтарындағы бағалардың динамикасын ескере отырып, бағаның өсуіне азық-түлік өнімдері негізгі үлес қосуды жалғастыруда. Оң фискалдық серпін, жоғары сыртқы инфляция, теңгенің әлсіреуі мен логистикалық және өндірістік тізбектерді қайта құру аясында инфляциялық қысым байқалатын болады. Жоғары, тұрақсыз инфляциялық күтулер қосымша фактор болады. 

2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды. ФАО индексінің астық өнімдеріне төмендеуі, 2022 жылғы инфляцияның жоғары базасы, Ресейдегі инфляцияның бұрын күтілгеннен де тезірек баяулауы инфляцияға тежеуші әсер ететін болады. 2024 жылы жаңа сыртқы және ішкі күтпеген өзгерістер болмаған кезде инфляция 5,5-7,5% аралығында қалыптасады.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімдер инфляцияның нақты серпінінің болжамды бағытына сәйкес келуіне және сыртқы орта мен ішкі экономикадағы тәуекелдердің қалыптасып отырған теңгеріміне байланысты қабылданатын болады.