Қазақстан 87 мемлекетке IT өнімдерді экспорттады

2 653

Фото: 24.kzҚазақстан Орталық Азиядағы ІТ-шешімдерді экспорттау бойынша көш бастап тұр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Отандық ІТ өнімдер 87 шет мемлекетке экспортталды. Саладағы биылғы таза табыс 300 млн доллардан асты. Әсіресе қазақстандық жобалар Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур елдерінде сұранысқа ие. Сонымен қатар Қазақстан венчурлық мәмілелер көлемі бойынша көшбасшы саналады. Мысалы, өткен жылы олардың сомасы $80 млн-ды құрады. Маңызды инвестициялар CITIX, Hero's Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялардан тартылды. Бүгінгі таңда олардың кейбірінің құны $100 млн-ға жетті. Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамытуда IT-хаб маңызды рөл атқарады. Арнаулы алаңдарда түрлі акселерациялық бағдарламалар өткізіледі, жетекші сарапшылар мен инвесторлар тартылады. Осылайша, коммерциялық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.     ІТ - 300 млн доллар табыс венчурлық мәмілелер - 80 млн доллар ІТ өнімдер 87 мемлекетке экспортталды