Кәсіпкерлерге берілетін кредиттер: қарызға батпау үшін нені білген жөн

59

Кәсіпкер және бизнес кредит алу үшін қандай өлшемшарттарға жауап беруі керек, қаржыландыруды тартудың балама жолдары қандай және олар қай тұрғыдан неғұрлым тиімді болуы мүмкін екенін Fingramota.kz сайты қарастырады, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі. 

 

Бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлер көбінесе жылдам және тиімді мөлшерлемемен берілетін қаржыландыру көздерін іздейді. Қосымша ақшалай қаражатты инвесторларды тарту есебінен, шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары немесе кредиттік ұйымдарда қарыз ресімдеу арқылы алуға болады.

 

 

Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге берілетін кредиттік өнімдердің түрі көп. Әрбір қаржы ұйымы шағын және ірі бизнеске әр салаға қарыз беру бойынша өз талабын қояды.

 

Бизнеске кредит беру әдістерінің жіктелуі қаржылық өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды:

 

 бір реттік қарыз;

 кредиттік желі;

 овердрафт;

 коммерциялық ипотека;

 овердрафт.

 

Бір реттік қарыз — бұл банктің белгілі бір бизнес мақсаттарына беретін кредиті. Мақсаттар мынадай болуы мүмкін: айналым қаражатын толықтыру, негізгі қаражатты толықтыру, берешектіқайта қаржыландыру. Әдетте мұндай кредиттердіңпайыздық мөлшерлемесі төмен болып келеді және кепілге беріледі, сондай-ақ ең жоғары мөлшерлемемен кепілсіз қарыз беру түрі де бар. Сома бөліктерге бөлініп, ай сайын өтеледі, сонымен қатар мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі де бар. Кредит берудің барлық талаптары шартта белгіленген.

Кредиттік желі — бұл жеке тұлғаларға берілетін кредиттік карточкаға ұқсас пайдалану шарттары бойынша заңды тұлғаға берілетін қарыз.Банк клиентке белгілі бір лимитті мақұлдайды, содан кейін ол барлық соманы бірден пайдалана алады немесе оны бөліктермен ала алады. Бұл ретте пайыздар қарыздың барлық сомасына емес, тек алынған және пайдаланылған бөлігіне ғана есептеледі. Кредиттік желі жаңартылатын және жаңартылмайтын болып табылады. Егер кредиттікжелінің жаңартылатын лимиті болса, онда кәсіпкер борышты қайтарған кезде қарыз лимиті қалпына келтіріліп, қайтадан алуға болады. Егер желі қалпына келмейтін болса, онда лимит қалпына келтірілмейді және оны таусылғанға дейін қолдануға болады.

Овердрафт — бұл шот бойынша уақытша минусқа кету. Шоттағы ақшаңыз таусылған, жаңадан ақша әлі түспеген, алайда төлемді сол сәтте жасау керек болған жағдайларда, сіз банктің ақшасын қосымша рұқсаттар мен келісімдерсіз пайдалана аласыз. Шотқа қосылған овердрафт қосалқы әмиян ретінде қызмет етеді: контрагенттерге төлеңіз, уақытша минусқа кете тұрыңыз, ал ақша шотқа түскен кезде овердрафт автоматты түрде өтеледі және сізге белгілі бір сома қайтадан қол жетімді болады.

Коммерциялық ипотека — бұл коммерциялық және немесе тұрғын емес жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған ипотека. Мұндай қарыз кеңсе, сауда, қойма немесе өндірістік үй-жай сатып алуға мүмкіндік береді. Сатып алынатын жылжымайтын мүлікті кепілге бере отырып, ипотека немесе қолда бар жылжымайтын мүлікті кепілге бере отырып, кредит ресімдеуге болады.

Лизинг – бұл істі кеңейтудің немесе кәсіпорынды түрлендірудің жеңіл әрі тиімді тәсілі. Банк сіздің сұратуларыңыз бойынша сізге қажет өтімді тауарларды сатып алады, ал сіз оларды бірнеше жыл бойы пайдаланасыз және одан кіріс аласыз. Шарт мерзімі ішінде сіз тауарлар мен жалдау ақысын біртіндеп төлейсіз. Барлығы толық төленген кезде тауарлар сіздің меншігіңізге өтеді. 

 

Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген бағдарламалар

 

Қазақстанда бүгінгі күні банктік қаржыландырудан басқа, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың мемлекеттік қолдауымен жеңілдетілген талаптармен кәсіпкерлер үшін қаржыландыру бағдарламалары іске асырылуда. «Даму» қоры шағын және орта бизнес кәсіпорындарына мынадай түрлері бойынша қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетеді:

- өңірлер мен жекелеген салалар үшін нысаналы бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдетілген кредитберу, микрокредиттік ұйымдар арқылы микрокредит беру;

- субсидиялау – банктер беретін бизнесті дамытуға арналған кредиттер 

бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

- кепілдік беру – банктердің кредиттері бойынша кепіл ретінде ішінара 

кепілдік беру.

Сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттарында субъектілерді қаржыландыру,шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру да танымал болып отыр. Исламдық қаржыландыру — бұл мемлекеттік және муниципалдық жобалар үшін де, жеке жобалар үшін де қаржыландыру көзінің балама нұсқасы. Ол үшін елімізде және Астана Халықаралық Қаржы Орталығында (бұдан әрі - АХҚО) ең үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкес келетін барлық қажетті инфрақұрылым мен нормативтік құқықтық база құрылды. АХҚО-да исламдық қаржы қызметтері индустриясына ислам банктері, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, инвестициялық қорлар, такафул - және ретакафул-компаниялар, өзге де исламдық қаржы ұйымдары, сондай-ақ исламдық қаржыландырудың жетекші халықаралық институттары арасынан қатысушылар кіреді.

 

Қаржыландыруды тартудың балама көздері

 

1. Бизнесті дамыту үшін кәсіпкер жеке инвесторларға жүгіне алады. Қаржыландырудың бұл түрінің артықшылығы жеке тәсіл және ақша қаражатын жедел алу. Алайда, бизнестен түсетін кірістер сіз бен инвестор арасында теңдей немесе келісім бойынша бөлінетінін есте ұстаған жөн. Егер кәсіпкерге бизнесті дамыту үшін жеткіліксіз соманы кепілге ұсынса, мұндай қарыздырәсімдеудің қажеті жоқ екенін білу маңызды.Компанияның балансындағы жалғыз мүлікті кепілге қойып, кейіннен қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты оларды жоғалтқаннан гөрі басқа қаржыландыру көздерін іздеген дұрыс. 

2. Қажетті жабдықтарды, көлік құралдарын және арнайы техниканы лизинг шарты бойынша сатып алуға болады. Лизинг шарты бойынша пайыздық мөлшерлеме нарық құнымен салыстырғанда айтарлықтай төмен болады. Алайда, кәсіпкер мүлікті толық сатып алғанға дейін лизингтік компанияның меншігінде болатынын есте ұстауы керек. Шарт бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда, лизинг беруші оны сот талқылауынсыз ала алады. Егер лизинг беруші банкротқа ұшыраса, қиындықтар туындауы мүмкін. 

3. Кәсіпкерлер кейбір компаниялармен факторинг шарты бойынша жұмыс істей алады.Факторинг — бұл төлемді кейінге қалдыру талаптарымен жұмыс істейтін компанияларғаарналған қаржылық қызмет. Факторинг туралы шартты үш тарап жасайды: кәсіпкер, тауар жеткізуші және фактор арасында. Бұл жағдайда қаржы ұйымы үшінші тарап бола алады. Факторинг шарты регрестік және регрестік емес болуы мүмкін. Регрестік – сатып алушыдан немесе жеткізушіден төлемді өз қалауы бойынша өндіріп алады, екіншісі бойынша қарыз сатып алушыдан өндіріп алынады. Кәсіпкер сыртқы қаржыландырудың кез келген көзі сияқты,факторингтің пайданы қысқартуға ықпал ететінін есте ұстауы керек. Сондықтан, Сіздің бизнесіңіз үшін оның қаншалықты оңтайлы екенін анықтау үшін, оның құнын алдын ала есептеңіз.

 

Кредит рәсімдеу үшін делдалдарды тартқан жағдайда, қандай тәуекелдерге барасыз?

 

Көбінесе кәсіпкерлер кредит алу процесін жеделдету үшін қажетті құжаттарды дайындауға көмектесетін кредиттік делдалдарға жүгінеді.Алайда мұндай делдалдармен өзара әрекеттесу күтпеген сценарийлерге әкелуі мүмкін Сіздің конфиденциалды ақпаратыңыз үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін, бір күндік фирмаларды құру үшін және басқа да заңсыз мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

Қорытындылай келе, кәсіпкер ықтимал жағымсыз салдарға байланысты қаржыландырудан бас тартпауы керек екенін айта кету керек. Дегенмен, оны тартуға өте абай болған жөн!

Жобаның перспективаларын талдау, құқықтық тәуекелдер мен ықтимал салдарды бағалау маңызды. Қаржыландыруды тарту жаңа мүмкіндіктер ашады, бірақ асығыс шешімдер кәсіпкерді бизнес пен мүліктен ғана емес, бостандығынан да айыруы мүмкін.