"Мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынамыз" - депутат

2 565

Сурет: rbc.ruДепутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Біз мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынамыз: тек микробизнес деңгейінде айына миллион теңгеден [асатын] аударымдарға ғана критерий енгізу", - деді ол.

Ақша-кредит саласына келетін болсақ, Азат Перуашев Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін едәуір төмендетуді ұсынды.


"Бүгінде 6 ірі банк 67 пайызды бақылайды, бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің үштен екісі, бұл қалыпты жағдай емес. Бәсекелестікті қамтамасыз ету және несиелендіруді ынталандыру үшін ірі банктерді бөлу мәселесін қарастыру қажет", - деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.