Қазақстан Қытай банкінің қаражатына кеден бекеттерін жаңғыртып жатыр

2 583

Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен шекарасындағы өткізу бекеттері толыққанды жаңғыртылып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаевтың айтуынша, жаңғырту жұмыстары Қытай Эксимбанкінің жеңілдетілген үкіметтік қарызы есебінен жүргізіліп жатыр. 


Атап айтқанда, «Өзбекстанмен шекарада «Қапланбек», «Қазығұрт», «Атамекен» және «Тәжен»; Қытаймен шекарада – «Достық-автомобиль», «Қалжат», «Майқапшағай» және «Бақты»; Түркіменстанмен шекарада – «Темір баба» өткізу бекеттері жаңартылады.


Өзбек тарапының келісімімен «Қапланбек» және «Зангиота» автомобиль өткізу пункттері реконструкциялауға толығымен жабылды. Қалған өткізу пункттері жабылмайды, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысы шектеледі.


«Бір бекетті салуға орта есеппен 15 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, бұл 8 жолақ болатын жаңартылған заманауи бекет болатынын айтқым келеді. Шамамен құрылыс кестесі жыл соңына дейін жоспарланған. Бүгінде «Қазығұрт» және «Атамекен» кеден бекеттері 70-80%-ға жаңартылған», - деді Е. Саудабаев.


Сондай-ақ, жобаны іске асыру шеңберінде өткізу қабілеті 8 есеге ұлғайтылады және уақыты 2 сағат 25 минутқа дейін қысқарып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.