Елімізде көмір бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттаған

517

Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Energyprom.kz мәліметінше, өңірлік тұрғыда көмір бағасының бірден қымбаттағанын Ұлытау өңірінің (57,4%) тұрғындары қатты сезінген. Сондай-ақ Абай (бір жылда 18,6%) және Солтүстік Қазақстан (18,5%) облыстарында да айрықша қымбаттаған.

«Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: өңірде көмір небәрі 0,3%-ға қымбаттаған. Батыс Қазақстан облысында көмір бағасы өзгеріссіз қалды»- делінген зерттеуде.

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 86,7 млн тонна таскөмір, оның ішінде қоңыр көмір мен көмір концентраты өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6%-ға артық көрсеткіш.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.