Елімізде көмір бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттаған

519

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Energyprom.kz мәліметінше, өңірлік тұрғыда көмір бағасының бірден қымбаттағанын Ұлытау өңірінің (57,4%) тұрғындары қатты сезінген. Сондай-ақ Абай (бір жылда 18,6%) және Солтүстік Қазақстан (18,5%) облыстарында да айрықша қымбаттаған.

«Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: өңірде көмір небәрі 0,3%-ға қымбаттаған. Батыс Қазақстан облысында көмір бағасы өзгеріссіз қалды», - делінген зерттеуде.

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 86,7 млн тонна таскөмір, оның ішінде қоңыр көмір мен көмір концентраты өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6%-ға артық көрсеткіш.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.