ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 1,1 МЛРД ТЕҢГЕНІ ДЕКЛАРАЦИЯСЫЗ ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРМАҚ БОЛҒАН

505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жыл басынан бері 159 адам жалпы көлемі 1 млрд 100 млн теңге көлеміндегі қаржыны декларацияламай шетелге шығарғысы келген., - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті бұзған 58 адамға жалпы сомасы 534 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Және бүгін "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша мен қаржы құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға, терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заңы қабылданды.

"Қарастырылып отырған хаттаманы ратификациялау біздің еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді." - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.