Қазақстанда зәйтүн майы бір жылда 21% қымбаттаған

1 475

Energyprom.kz ресурсы елімізде тазартылған өсімдік майының өндіріс көлемі 8,1% азайып, тазартылмай өндірілетін өсімдік майының көлемі 36,3% артқандығын жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қаңтар-наурыз аралығында қазақстандық өндірушілер 171,4 мың тонна өсімдік майын нарыққа шығарған. Бұл былтырғыдан 23,7% артық.


Соның ішінде тазартылып өндірілетін өсімдік майының көлемі бір жылда 8,1% азайып, 36,1 мың тонна болса, тазартылмай өндірілетін май көлемі 36,3% артып, 135,3 мың тоннаға жеткен.


«Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысының көрсеткіші жоғары: 17,3 мың тонна тазартылған өсімдік майы, 46,1 мың тонна тазартымаған өсімдік майы өндірілген. Тазартылмаған өсімдік майының өндіріс көлемі бойынша Абай және Алматы облыстары алғашқы үштікті түйіндеп тұр», - деп жазылған сараптамада.


Сондай-ақ, бір жылдың ішінде май экспортының көлемі 43,4% ұлғайып, 53,5 мың тоннаға жеткен. Яғни, өндірілген майдың 38,2% сыртқа сатылған.


Ішкі нарықта өсімдік майының сатылымы 86,7 мың тонна болып, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 26,7% артық болған.


Отандық компаниялар күнбағыс майына деген ішкі сұранысты 83,7% жапқан.


Ал экспортқа 41,7 мың тонна шығарған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.


Күнбағыс майы әсіресе Қарағанды облысында, зәйтүн майы Павлодар облысында қатты қымбаттаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.