Еліміздің экономикасы жыл басынан бері 5 пайызға өскен

1 887

Үкімет отырысында Ұлтттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл Қазақстан экономикасы 5 пайызға өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



"Өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда биылғы 4 айда Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8 пайызды, ал қызмет көрсету саласындағы өсу 4,9 пайызды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр. Әсіресе, құрылыс, сауда және ақпарат және байланыс салалары ең жоғары көрсеткіштер көрсеті", - деді ол.


Қуантыров атағандай, негізгі капиталға салынған инвестициялар өсу қарқыны 18 пайызды құраған.


"Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда 39,3 пайыз, ауыл шаруашылығында 29,6 пайыз, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда 10 пайыз, өнеркәсіпте 18,1, тау-кен өнеркәсібінде 17,3 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде 17,3 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде 7 пайызға өсті", - деді ол.


Министр өңірлер арасындағы ең жоғары өсім Түркістан, Маңғыстау облыстарында және БҚО-да байқалғанын айтты