Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

2 419

Фото: pexels.comАстана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің 28 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,77 теңге. Еуро – 525,71.


Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 499 теңге. Еуро 523 – 528 теңге аралығында құбылып тұр.


Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 497 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 521 теңгеден сатып алынады.


Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,60 - 5,74 аралығында саудаланып жатыр.


Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 


Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 


Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.