Ақтөбе жол құрылысы материалдарымен өзін-өзі 100% қамтып отыр – ҚазАвтоЖол
621
Ақтөбе облысында жол салуда толықтай жергілікті материалдар пайдаланылып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратсайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ ұлттық компаниясының аталған өңір бойынша филиалының директоры Марат Махамбетов мәлім етті.
Оның айтуынша, Ақтөбе облысында республикалық жолдардың жалпы ұзындығы 1869 шақырымды құрайды.
«Одан бөлек біздің зауыттар жол салуға керекті темір-бетон және көпір құрылысына қажетті материалдарды шығарады. Осыған орай Ақтөбе облысы жол салуға қажетті құрылыс материалдары бойынша өзін-өзі 100 пайыз қамтамасыз етіп отыр деп айтуға болады», - дейді ол.
Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Ақтөбе – Орал – Атырау» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдардағы істелініп жатқан жұмыстар бойынша БАҚ өкілдеріне арналған тур өтіп жатыр.

«Жол салуға қажетті құрылыс материалдары өзімізден шығады. Мұғалжарда зауыт бар. Сонымен қатар біз ішкі сұраныстан бөлек, көрші Орал және Атырау облысын жол құрылысы материалдарымен қамтамасыз етіп отырмыз. Жалпы жол салуда негізінен қолданылатын инерттік материалдар. Ол дегеніміз қиыршық тастар. Сонымен қатар Ақтөбе облысында Мұғалжардан бөлек Табантал және басқа матералдар шығаратын зауыттар жұмыс істейді», - Марат Махамбетов баспасөз туры барысында.