Тоқаев цифрлық экономика мәселесін талқылады

2 512

 Фото: ©АқордаМемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz cайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және халықаралық технологиялық платформалар аясындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Президент Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналу жөнінде өршіл мақсат қойғанына назар аударды.

Алматыда өтіп жатқан Орталық Азиядағы алғашқы GITEX AI Central Asia & Caucasus форумы осы стратегиялық бағдардың айқын мысалы саналады және еліміздің жаһандық технологиялық күн тәртібін қалыптастыру ісіне атсалысуға дайын екенін көрсетеді. Бұл қалада еліміздегі IT-компаниялардың үштен бірі шоғырланған. Дамыған экожүйе құрамында белсенді стартаптар, инвесторлар мен халықаралық ойыншылар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Трикси Лохмирмандтың GITEX AI Central Asia & Caucasus форумын халықаралық деңгейде ілгерілетуге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті аталған алаң технологиялық нарықтың негізгі қатысушыларының басын қосып, жаңа серіктестіктер табуға жол ашатынын атап өтті. 

 Әңгімелесу барысында GITEX AI Central Asia & Caucasus алаңын Орталық Азияда жыл сайын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстанда басқа да өңірлік ауқымдағы іс-шаралар өткізу мүмкіндіктері қарастырылды, - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдаған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.