Еңбек министрі 2025 жылы зейнетақы мөлшері қанша болатынын айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылғы базалық зейнетақы мөлшеріне болжам жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үкіметтегі брифинг барысында еңбек министрінен журналистер келесі жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгеретінін сұрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы жарияланған болатын. Құжатта ең төменгі есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы және басқа да маңызды көрсеткіштер көрсетілген.
Қаржы министрлігі бұған дейін Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялаған еді.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Қазір ол - 3692 теңге.
Ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді, 85 000 теңге болып қалады, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін өседі. Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңге болмақ.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру шекті сома 46 228 теңгеге дейін өспек, қазір бұл көрсеткіш - 43 407 теңге.