Өнім өндіруге қажетті импорттық тауарлар тізімі бекітілді
Қазақстан Республикасында өнім өндіруге арналған импорттық тауарлар тізімі ресми бекітілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
28 қараша 2025 жылы министр импорттық тауарлар тізімін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Тізімге ЕАЭО мемлекеттерінен жеткізілетін тауарлар кірмейді және жалпы 509 атауды қамтиды.
Оларға мыналар кіреді: глюкоза және мальтодекстрин шәрбаттары, витаминдер мен минералды заттар, қозғалтқыш, компрессор және турбина майлары, жасанды полимерлерден жасалған бояулар мен лактар, құрылыс материалдары (цемент, мастикалар, шпатлёвкалар), полиэтилен, полипропилен, этилен полимерлерінен түтіктер, ағаш материалдары, мал терілері, полиграфиялық қағаз, жіптер, киім үлгілері, металл бекітпелер және тағы басқа.
Сонымен қатар, Қазақстанға өнім өндіруге қажетті тауарларды импорттайтын салық төлеушілердің тізімі де бекітілді. Оған 111 ұйым мен жеке кәсіпкер енгізілген. Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.







