Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық банктің 2 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,64 теңге. Еуро – 519,14.
Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 498,6 теңге. Еуро 519 – 523 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 497,2 теңге. Еуро 524,3 теңгеден сатылып, 517,3 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,46 - 5,66 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 28 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,82 теңгеге төмендеп, 499,09 теңге болған.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.