Қазақстан Ресей экономикасына 29 млрд доллардан астам инвестиция салды
Ресей экономикасына салынған қазақстандық инвестиция көлемі 29 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен жүргізген келіссөздер барысында айтқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Кursiv.media порталына сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, жақын арада өзара тауар айналымының көрсеткіштері 30 миллиард доллардан асады.
Бүгінгі таңда жалпы инвестиция көлемі шамамен 53 миллиард долларды құрайтын 177 бірлескен жобаның пулы қалыптасты және 122 жобаның операциялық кезеңге өткенін, яғни іске асырылып, жұмыс істеп тұрғанын атап өткім келеді. Бұл ынтымақтастықты дамытуға деген өзара дайындықты көрсету үшін өте маңызды», – дейді Президент.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары арасындағы келіссөз барысында келесі форум Омбыда өтетіні айтылды.







