Елімізде алғаш рет ірі қара мал тұқымдары көрмеге шығарылды

1 511

Ауыл шаруашылығы техникасы көрмесі аясында алғаш рет ірі қара мал көпшілікке ұсынылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесі оныншы рет өтіп отыр. Биылғы жаңашылдық - көрмеге ірі қара мал және оның өнімдері шығарылады. Бұған дейін пандемия болды да, ірі қараны тасымалдау қауіпті болды. Соңғы екі жылда елімізде сүт және сүт өнімдері саласы қарқынды дамып келеді. Ірі қара малды көрмеге шығару үшін шаруалар еліміздің түкпір-түкпірінен өздері алып келді», - дейді «Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесін ұйымдастырушы Әділхан Сағынбаев.


Оның айтуынша, халықаралық көрмеге қазақтың ақбас сиыры, отандық ангус, Әулиекөл тұқымы бойынша Шароле, Лимузин, Обрак, Герефорд сиырлар да бар.


Айта кетейік, бүгін-ертең Ақмола облысында дәстүрлі «Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр.


Биылғы шараға 19 елден 150 аграрлық кәсіби компания тіркелген.


Атап айтқанда, Австрия, Беларусь, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, Қырғызстан, Нидерланд, Польша, Ресей, Сербия, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Өзбекстан, Украина, Чехия және тағы басқалар.


Көрме қатысушылары ауыл шаруашылығы технологиялары, селекциялық жетістіктер мен мал шаруашылығы саласындағы соңғы өнімдерді ұсынуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.