Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналым 4 есеге өсті
2 655
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналым 4 есеге өсіп, қаржы көлемі 500 млн долларға жуықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ендігі меже - 1 млрд долларға жеткізу. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Сыртқы істер министрімен кездесу барысында мәлім етті. Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Қазақстанға ресми сапармен келді. Тараптар қазақ-түрікмен ынтымағын нығайту бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Бүгінгі таңда әлеуеті өсіп келе жатқан «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржол магистралін дамыту да өзара тиімді және халықаралық саудаға жаңа дем беретін аса маңызды ортақ жоба.
Бүгінгі таңда әлеуеті өсіп келе жатқан «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржол магистралін дамыту да өзара тиімді және халықаралық саудаға жаңа дем беретін аса маңызды ортақ жоба.
Рашид Мередов, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Арал теңізінің проблемаларына, сондай-ақ Каспий теңізіне қатысты мәселелерге көп көңіл бөлінді. Осыған байланысты бірлескен жұмыстарды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Көлік және коммуникация, энергетика, сауда және басқа да басым салалардағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселесін талқыладық.