Елімізде көлік бағасы қымбаттамақ

465
Елімізге Toyota, Lexus, BMW және Hyundai маркаларын ресми тасымалдайтын  "Астана Моторс" компаниясы көліктердің тағы да қымбаттайтынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, биылдың өзінде осы маркадағы көліктер бағасы орташа есеппен сегіз пайызға көтерілген. 


"Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында құрастырылатын Hyundai көліктерінің бағасы (осында Accent, Elantra, Sonata, Creta, Tucson, Santa Fe және Palisade үлгілері шығарылады) әлі өзгерген жоқ. Біз олардың бағасын валюта бағамының күрт өзгеруіне дейін сатып алынған құрамдас бөліктер қоры есебінен ұстап тұра аламыз.
Алайда, бұл көліктер қымбаттайтыны сөзсіз. Өйткені біз бөлшектер, болат және логистика бағасына тәуелдіміз. Олардың жаңа жеткізілімдері жаңа бағамен келеді, сәйкесінше, бұл автомобиль құнына әсер етеді. Валюта бағамының ауытқуы, сондай-ақ болат, құрауыштар және логистиканың қымбаттауынан бөлек, автомобильдер құнына модельдер мен опциялар жиынтығының жаңартылуы әсер етуі мүмкін", -
дейді "Астана Моторс" өкілдері.


Компания Ресейге қарсы санкциялар олардың жұмысына әсер етпегенін атап өтті. Бірақ "Астана Моторс" көліктердің 50 пайызына жуығын Ресей арқылы транзитпен әкеледі.


"Бүгінде автокөліктерді, құрауыштар және қосалқы бөлшектерді жеткізуде ешқандай өзгеріс жоқ. "Астана Моторс" құрамына кіретін компаниялар әдеттегідей жұмыс істейді. Клиенттердің күту уақыты жаңа көліктердің белгілі бір үлгілері мен маркаларына байланысты. Бірақ орташа алғанда компания салондарында автокөлік болса, өтініш бергеннен кейін екі ай күту керек", - деп қосты ұйымның баспасөз қызметі өкілдері.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.