Ұлттық қордан балаға қанша аударылады?

2 163

Фото:depositphotos.com"Ұлттық қор балаларға" бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" aқпарат агенттігі.

Бағдарлама ресми түрде 2024 жылы 1 қаңтарда басталды. Осы арқылы 2006 жылдан бастап туған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген.

Қаржы министрлігі мәліметінше, былтыр бағдарламаға 6 919 131 адам, яғни 2006 жылдан 2023 жылға дейін дүниеге келген балалар қатысқан. Олардың әрқайсына $100,52 есептелген.

"Оның жалпы сомасы $695,5 млн болды. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа толды, оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды. 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал қаржы көлемі $129,38 болды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жиналады, содан кейін оларды тұрғын үйге немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.