Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түліктің қымбаттауы бойынша көш бастап тұр
Қазан айының соңында ЕАЭО-ның құрамындағы елдер бойынша азық-түлік инфляциясы 6,3 пайызға жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстанда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары, яғни 10,4 пайызға тең. Одақтағы қай елдерде тауарлар мен қызметтердің қымбаттаған. Қазақстанда инфляция деңгейінің төмендеуіне қарамастан (қазанда 10,8 пайыз) азық-түлік тауарларының қымбаттауы жалғасып жатыр.
Мысалы, бұған дейін сарапшылар күріш бағасы бір жылда 40,3 пайызға өскенін тіркеді. Cондай-ақ еттің барлық түрлері де қымбаттаған. Бұл өз кезегінде жалпы инфляция деңгейіне кері әсерін тигізеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) деректері бойынша, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше барлық ел арасында баға өсімі бойынша бұрынғыдай көшбасшы болып тұр.
- ЕЭК есебіне сәйкес, одақ елдеріндегі жалпы инфляция қазан айының соңында айына 0,8 пайызды құрады. Жылдық негізде бұл көрсеткіш 7 пайыз деңгейінде тұрақтады. Елдерде инфляция жылдық көрсеткіші мынадай:
- Қазақстан - 10,8 пайыз;
- Армения - 0,1 пайыз;
- Беларусь - 3,7 пайыз;
- Қырғызстан - 9,2 пайыз;
- Ресей - 6,7 пайыз.
Бағаның ай сайынғы өсімі бойынша Қазақстан (0,7пайыз) Ресейден (0,8пайыз) және Қырғызстаннан (0,9пайыз) кейін үшінші орынға түсті. Кейінгі орындарда Армения (0,3 пайыз), Беларусь Республикасы (0,6 пайыз).
Бұл ретте Ресейде 1,4 пайыз көрсеткішпен азық-түлік бағасының бір айдағы ең жоғары өсімі байқалды. Қызметтер мен басқа тауарлар бағасының өсуі бойынша Қырғызстан көш бастап тұр. Дегенмен, жыл сайынғы көрсеткіштер бойынша Қазақстан азық-түлік бағасының өсуі бойынша 10,4 пайызбен бұрынғысынша көш бастап тұр. Ал ЕАЭО бойынша орташа көрсеткіш небәрі 6,3 пайызға тең.
Дегенмен, Қазақстанда инфляцияның шынымен де бәсеңдеп бара жатқанын айта кеткен жөн. Ал ЕАЭО-ның кей елдерінде, керісінше, үдеп барады. Демек, басқа елдерде жақын арада тауарлар мен қызметтер бағасы қарқынды өсу мүмкін.