Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналым 4 есеге өсті

2 722

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: turkmenistan.govҚазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналым 4 есеге өсіп, қаржы көлемі 500 млн долларға жуықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ендігі меже - 1 млрд долларға жеткізу. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Сыртқы істер министрімен кездесу барысында мәлім етті. Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Қазақстанға ресми сапармен келді. Тараптар қазақ-түрікмен ынтымағын нығайту бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Бүгінгі таңда әлеуеті өсіп келе жатқан «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржол магистралін дамыту да өзара тиімді және халықаралық саудаға жаңа дем беретін аса маңызды ортақ жоба.
Рашид Мередов, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Арал теңізінің проблемаларына, сондай-ақ Каспий теңізіне қатысты мәселелерге көп көңіл бөлінді. Осыған байланысты бірлескен жұмыстарды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Көлік және коммуникация, энергетика, сауда және басқа да басым салалардағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселесін талқыладық.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.