300 миллион теңге жымқырған шенеулік сотталды

2 672

Фото: әлеуметтік желіАқмола облысында су тасқыны қаупі бар аймақтан тұрғындарды көшіруге бөлінген 300 млн теңгеден астам қаржының ұрлануына байланысты бірнеше адам сотталды, - хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сүйенсек, 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданының 200 отбасын көшіру үшін екі көпқабатты тұрғын үй салуға қаржы бөлінген. Алайда аталған жобаны жүзеге асыру кезінде құрылыс бөлімі басшылары мен “Престиж Строй 7” және “Фундаменталь” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері қылмыстық схема ұйымдастырып, қаражатты қолды еткен.

2024 жылдың қарашасында прокуратура тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдаған. Нәтижесінде сот күдіктілерді кінәлі деп тауып, олардың бірін – 8 жыл 6 айға, екіншісін – 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі Қылмыстық кодекстің 180-бабының 4-бөлігі — «Өте ірі көлемде ұрлау» және 218-бабы — «Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру» баптары бойынша шығарылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.