Еліміздегі 12 жылу электр орталығын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінеді – Болат Ақшолақов

407
Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов электр желілері тоз-тозы шыққанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, электр желілерінің шамамен 66 пайызы  тозған. Мәселен, бұл көрсеткіш Шығыс Қазақстанда 81 пайыздан асып кетті. Салдарынан биыл 2021 жылмен салыстырғанда технологиялық бұзылу саны 183-ке, өндірістік жарақат алу саны 7-ге көбейді.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы 12 жылу электр орталығын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінетінін айтты. Тозығы жеткен ЖЭО-ларды жөндеу үшін 182 млрд теңге қажет.

Бүгінде электр стансаларынан түсетін табыс жөндеуге жетпейді.

Биыл қыстың басында Риддер, Екібастұз, Рудный, Өскемен қалаларында жылу жүйесінен ақау шығып, тұрғындар жылусыз қалды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.