Бензин мен дизель отынын теміржолмен экспорттауға тыйым салынды
Қазақстанда теміржол көлігімен бензин, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін шекарадан асыруға тыйым салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ жанар-жағармайды автомобиль көлігімен басқа елдерге шығаруға тыйым бар. Қазақстанның Энергетика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігі ішкі нарықта тапшылықтың алдын алу үшін бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салатын бірлескен бұйрық шығарды. Жеткізу жоспарына сәйкес, сондай-ақ табиғи зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарын жою мақсатында көрсетілетін гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкету жоспарларына сәйкес бензин әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін темір жол көлігімен 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге әкетуге тыйым салу енгізіледі. Сонымен қатар, дәл осындай тыйым 2024 жылдың 29 қыркүйегінен бастап республикадан автомобиль көлігімен бензин мен дизельді экспорттауға қатысты, жанармай багындағы жанармайды қоспағанда, наурыз айының соңына дейін күшінде.