Аударымдар 255 мың теңгеден асса тексеріс жүруі мүмкін
Қазақстанда 255 мың теңге көлеміндегі аударым тексеруге себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қаржы министрлігіне қазақстандықтардың мобильдік аударымдарын бақылауға қатысты сауал жолдаған болатын. Депутаттар 100-ден аса мобильді аударым үшін нақты сома анықтамалғанына назар аударды. Яғни қазақстандықтарға қанша теңге алғаннан кейін салық төлеуге тура келетіні нақтыланбаған. Депутаттардың сөзінше, 100 теңгеден басталатын шағын аударымдар да фискалдық бақылау үшін негіз бола алады.
Министр не деп жауап берді?
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені алда да қасрастырады. Осылайша, мынадай өзгеріс енгізілуі мүмкін:
Еске салайық, бұған дейін былтыр қазақстандықтар қанша теңге мобильді аударым жасағаны хабарланды.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Каипов мобильді аударымдарға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап берді.