Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғын үй құрылысының көлемін азайту ұсынылды

263

Коллаж: Халық үніНұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғын үй құрылысының көлемін азайту ұсынылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, осы жылдың соңына дейін "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында тұрғын үйді іске қосу көлемі 15,1 млн шаршы метрді (137,7 мың тұрғын үй) құрайды.
Бастапқыда 18 миллион шаршы метр үй салу жоспарланған болатын. Алайда бұл көрсеткішті азайту ұсынылды.

"Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының басшылығы инженерлік инфрақұрылымның дайындығына қарай жыл сайын тұрғын үй көлемін пайдалануға беруді ұсынды - елордада 2 млн шаршы метрден артық емес, Алматыда 1,5 млн шаршы метр. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ағымдағы жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарын 15,1 млн шаршы метр көлемінде төмендету жөніндегі ұсынысты қолдауды және 2023 жылдан бастап жыл сайын 200 мың шаршы метр өсіммен тұрғын үй құрылысының көлемін көздеудi сұраймыз", - деді Өскенбаев.


Министр урбанизация мен жаңа құрылыс көлемінің өсуіне байланысты жыл сайын қолда бар инфрақұрылымға жүктеме артып, энергия ресурстарына қажеттілік артып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Алматыда инженерлік инфрақұрылым, ауыз су, жылу және электрмен жабдықтау, сондай - ақ кәріз ағындарын бұру тапшылығы сезілуде.