Сингапур мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 миллиард доллардан асқан - СІМ

271

Фото: Сыртқы істер министрлігіҚазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапурға алғаш рет ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Тілеуберді Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнанмен және Еңбек ресурстары министрі, Екінші сауда және өнеркәсіп министрі Тан Си Ленгпен келіссөздер жүргізді.
Қазақстандық делегация құрамына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасы Мейіржан Юсупов кірді.
Сингапур СІМ басшысымен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі айқындалды және сауда-экономикалық, инвестициялық көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары қаралды. Қазақстан мен Сингапурдың Еуразия мен Оңтүстік-Шығыс Азияның транзит-логистикалық хабы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымы артуының оң трендін атап өтті, осылайша 2021 жылы ол 1 млрд астам АҚШ долларын құрады және биыл 3 есе өсім күтілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында ғана екіжақты сауда көлемі 926 млн АҚШ долларға жетті.
Екі ел Елшіліктерінің қолдауымен кеңестің іскерлік қызметі сауда мен инвестицияларды ғана емес, туризм мен басқа да бастамаларды ілгерілетуге және дамытуды кеңейтуге бағытталатын болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.