Астық өндірушілер одағы: «Иран Қазақстан арпасынан бас тартуы мүмкін”

512

Фото: pixabay.comҚазақстаннан экспортталатын арпаның 86 - 90 % - ы Иран еліне тиесілі деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


 

Бұл туралы Қазақстан астық өндірушілер одағының төрағасы Нұрлан Оспанов: “Елімізде арпа экспортына қатысты үлкен мәселе бар. Бүгінде Иран Ресей Федерациясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Егер олар арпа жеткізу бойынша келіссе, онда бізге өз өнімімізді өткізу қиынға соғады. Қазақстан орташа есеппен жылына 1,36 млн тонна арпа экспорттайды. Иран - жақсы саудагер, бірақ ол санкцияда. Осы орайда, Иран Ресеймен екіжақты келісім жасаспақ», - дейді



Сонымен қатар, Иран мен Ресей арпа экспорты бойынша өзара жасауы мүмкін келісім Қазақстан экспортына кері әсерін тигізеді. 


«Себебі біз де Иранға арпа экспорттаймыз. Егер елімізде арпа экспортына кедергі болса, онда ішкі баға мүлдем түсіп кетеді», - деп ескертті.

 

Одақ басшысының дерегінше, Қазақстанда арпа өндірісі 3,25 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде шамамен 1,36 млн тонна экспортқа жіберіледі. 


Одан бөлек, 120 мың тонна арпа келесі жылға қорда сақталады. Осы орайда бүгін елордада Қазақстан астық өндірушілер одағының ұйымдастыруымен биылғы астық жинау маусымына қатысты мәселелер талқыланған дөңгелек үстел болып өтті. Жиында отандық астық өндірушілердің шығынға бату қаупі бар екендігі туралы айтылды. 


Сонымен қатар, Қазақстан астық өндірушілер одағы елдегі бидай бағасына әсер ететін үш факторды атап берді.