Энергетика министрі дизель отыны неліктен тапшы болғанын айтты

200

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында елдегі дизель отынына қатысты жағдайға тоқталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Министрдің айтуынша, қазіргі жағдайға ешкімді кінәлауға болмайды.

Сандарға қарасақ, бізде тапшылық жоқ. Сұрақтар заңсыз ағынға, "сұр" экспортқа, контрабандаларға қатысты. Тұтынудың мұндай артуы бір жерде зауыттардың үлгермеуіне әкелді. Логистикаға, вагондарды жеткізуге қатысты сұрақтар болды. Бұған біз де тап болдық,- дейді министр.


Оның айтуынша, қазіргі жағдайға біреуді ғана кінәлау дұрыс емес. Барлығы Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайгаз" және ҚТЖ бірлескен жұмысына байланысты, деді министр. Мысалы, Энергетика министрлігі мен ҚМГ құзіреті отын өндіру болса, ҚТЖ оны уақытында жөнелту, өңірлерге жанармай жеткізуге жауап береді.

Вагондар үздіксіз тиеледі. Бұрын тәулігіне 15 мың тиесек, қазір 20 мыңға жеттік. Бұл - өте үлкен жанармай, кешенді жұмыс. Болашақта мұндай жағдай қайталанбауы үшін жүйені әзірлеуіміз керек,- деді Болат Ақшолақов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.