Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

494

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 7 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, -  деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Атап айтқанда, 1 доллар құны – 472, 33 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,50 теңге.
6 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы құны 2,74 теңгеге қымбаттап, 472 теңге болды.


Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылып жатыр.


Ал Алматыда доллар 472,5 – 475,5 теңге аралығында құбылып тұр.


Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,23 – 7,33 теңгеге сатып алуға болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.