2024 жылдан бастап ішкі нарық толықтай отандық алмамен қамтамасыз етілмек

522
2024 жылы елімізді 100 пайыз отандық алмамен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша алма өндірісі саланы дамыту жөніндегі стратегиялық құжаттар аясындв агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басым бағыттарының бірі саналады. Осылайша, АШМ-де бақшаларды салуды, жеміс қоймаларын салуды, техника сатып алуды, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды, элиталық көшеттерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ кредиттік өнімдерін сатып алуды субсидиялауды, отандық және шетелдік сарапшылар өткізетін семинарлар, нақты консультациялар арқылы білімді таратуды инвестициялық субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау іс-шаралары көрсетіледі, - деп атап өтеді Серік Жұманғарин жауабында.

Оның атап өтуінше, 2024 жылға қарай елімізде алманың жалпы жиналуын 352,5 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.

Бұл ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. Бұған алдыңғы жылдары салынған және 2024 жылы толық жеміс беруге шығатын алма бақтары есебінен қол жеткізілетін болады, - деді министр.