Абай облысында заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 млн теңгеден асты

2 652

Фото: Абай облысының әкімдігіАбай облысында табиғатты қорғау шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер жүргізді. 2024 жылдың 3 қаңтарынан 30 қазанына дейінгі аралықты қамтитын тексеру нәтижесінде 106 заңбұзушылық фактісі анықталып, оның 10-ы қылмыстық іске ұласып, 7-уі сотқа жолданды, 89-ы әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылды, деп мәлімдеді облыс әкімдігі.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жасақ қызметкерлері балық инспекциясымен бірлесіп, Алакөл көлінен 15 дана иесіз моножеліні және Зайсан көлінен Қытай өндірісінің 95 моножелісін тауып, өртеу жолымен жойды. Іс-шара барысында «Тойота Хайлюкс» маркалы автокөлігі мен «Ямаха» маркалы қар шанасы тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды, – деп қосты ведомство.

Заңсыз аңшылықтан келген жалпы шығын 3,2 миллион теңгені құраса, заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 миллионнан астам теңгеден асты.

Қардың қалың түсуіне байланысты жабайы жануарларды қыста азықтандыруға ерекше көңіл бөлінді. Инспекторлар популяцияны және аймақтың экожүйесін сақтау үшін жыл бойы жұмыс істейді.

Осы кезеңде табиғатты қорғау полициясы, Абай облыстық ПД, прокуратура, аймақтағы инспекция қызметкерлері, Семей қаласының балық инспекциясы (ЗЕМБИРХ) қызметкерлері 536 бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.